Ресейде зират басы артып келеді. Осылайша, күні кеше Новосібірде «Вагнер» ЖӘК қатарында соғысқан жалдамалы сарбаздардың жаңа жерленген орындары табылды, деп хабарлады ашық ақпарат көздері. Бұл ретте жарақат алған немесе қайтыс болғандардың барлығы Ресейге оралмай жатқаны айтылған.
Украина тарапының мәлімдемесіне сәйкес, ресейліктер өте көп шығынға ұшырап жатыр, ал Ресей қолбасшылығы оны жасыру үшін мобильді крематорияларды қолданып жатыр.
Сондай-ақ, Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Ресей тарапы өз аумағына Луганщина аумағынан кірмек болған жарақат алған сарбаздар отырған жүк көліктерді кіргізбегенін хабарлады, олардың пікірінше, бұл әскери қызметшілердің бір бөлігінің өліміне әкеп соқтырған.
Украинадағы қанды соғыс салдарынан күн сайын Ресей Федерациясының жүздеген сарбаздың өмірін алып жатыр, деп хабарлайды Украина тарапы. Оның мәліметі бойынша, қазіргі таңда Ресей 190 000-нан астам сарбазынан айырылды. Өз кезегінде батыстық сарапшылар РФ-ның қаза тапқандар мен жарақат алғандардың жалпы шығыны 200 — 250 мың адамды құрайды деп мәлімдейді. Олардың мәліметінше, Украина әскері кем дегенде 15 мың адамынан айырылды.
«Ресейде ел басшылығы орасан зор шығындарға қарамастан, міндетті мобилизацияның жаңа легін кейінге қалдыруда, бұл қоғамда одан да көп шиеленіс туғызып, Путин режимі үшін күрделі проблемалар мен келіспеушіліктерге алып келуі мүмкін екенін түсінеді. Кремль ресейліктерді қарулы күштер қатарына жұмылдыруға байланысты кез келген қатаң шараларды қолданбауда. Кремль бұл мәселені басқа жолмен, пропаганда мен жарнама арқылы шешпек», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.
Олар Ресейде елдегі саяси режимді қолдайтын идеология жүргізіліп жатқанына сенімді. Қазіргі уақытта аталған идкология әскерге барынша көп ресейліктерді тартуға бағытталып жатыр.
«Кремль биыл әскер қатарына 400 000 келісімшартшыны қосуды жоспарлап отыр. Басқаша айтқанда, Путин режимі өлуге дайын 400 000 еріктіні жұмылдырмақ. Батыс сарапшылары ресейлік басшылықтың мұндай «маңызды» жоспарын ақылға қонымсыз деп атады. Кремльдің осынша көлемде еріктілерді жұмылдыруы мүмкін емес», — деп есептейді батыстық саяси сарапшылар.
Ресейде 1 сәуірден бастап РФ армиясына еріктілерді тарту бойынша ауқымды жарнама науқаны жүріп жатыр. Ол теледидарда ғана емес, әлеуметтік желілерде де жүргізілуде.
Негізінен жарнама патриотизмге, отанға деген сүйіспеншілікке және «нағыз еркек» Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің қатарына қосылуға міндетті екендігіне баса назар аударылған. Сондай-ақ әскери қызметтен қаржылай пайда көруге болатыны да айтылады.
«Бұл нағыз өлімнің жарнамасы. Алайда Кремль ресейліктер жаппай келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге келмейтінін жақсы түсінеді. Сондықтан Ресей билігі әскерге шақыру үшін электронды шақыртулар енгізді», — деп түсіндірді украиналық саяси технологтар.
Еске сала кетейік! Жаңа заңнамалық нормаларға сәйкес әскери комиссариаттар әскерге шақыру қағаздарын тұрғылықты жері бойынша хатпен немесе электронды түрде «Мемлекеттік қызметтегі» жеке кабинетіне жібере алады.
Шақыру қағазы жеке кабинетте орналастырылғаннан сәттен бастап бірден алынған болып есептеледі. Осылайша РФ-да әскерге шақырудан жалтару іс жүзінде мүмкін емес болады.
«Жарнама мен пропаганданың құрбаны болмағандар «жалтарушылар» санатына енбеу үшін электрондық шақыру қағазын алып, әскери комиссариатқа келуге мәжбүр болады», — деп жазады батыстық саяси технологиялар саласындағы мамандар.