Қазақстан Үкіметі Мұғалімдер күні аталып өтетін күнді өзгертті. Қабылданған қаулыға сәйкес, Мұғалімдер күні Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен тұспа-тұс келуі үшін 5 қазанда тойланады.
Бұған дейін Мұғалімдер күні қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келген. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.
Бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.