Барак Обама COVID-19 жұқтырғанын айтты

Барак Обама коронавирустық инфекцияны анықтауға тапсырған анализі оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті америкалықтарды елдегі аурудың төмендеуіне қарамастан вакцина алуға шақырды.

Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Бір-екі күн тамағым қышыды, әйтпесе өзімді жақсы сезінемін. Мишель екеуіміздің вакцина салдырғанымызға шүкір етеміз, оның тапсырған сынамасының нәтидесі теріс болып шықты», — деді Барак Обама.

Обама аурудың таралу деңгейі төмендегеніне қарамастан вакцина салдыру маңызды екенін атап өтті.

2021 жылғы 28 қыркүйекте АҚШ президенті Джо Байден COVID-19-ға вакцинаның үшінші дозасын алды. Ол да барлық америкалықтарды вакцина алуға шақырды.

Осы уақытқа дейін АҚШ-та КВИ-дің 79 517 492 жағдайы тіркелді, 967 552 адам қайтыс болды. 554 889 994 адам вакцина алды.

Добавить комментарий