Сергей Шойгудың әпкесі коронавирустан қайтыс болды

Мемлекеттік думадағы «Единая Россия» фракциясының жетекшісі Сергей Неверовтың хабарлауынша, Мемлекеттік Думада «Единая Россия» партиясының депутаты, Қорғаныс министрінің әпкесі — Лариса Шойгу 69 жасына қараған шағында дүниеден озды.

«Шойгу Лариса Кужугетовнаның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандарыма қайғыра көңіл айтамын. Ол өзінің туған елі Тыва Республикасына адал қызмет етіп, Мемлекеттік Думада ұзақ жылдар бойы оның мүддесін қорғаған тамаша жан еді. Оның қазасы орны толмас қайғы», — деді Сергей Неверов.

«Единая Россия» фракциясы басшысының орынбасары және Мемлекеттік Думадағы бақылау және регламент комитетінің мүшесі Лариса Кармазина өлімнің себебі коронавирустың асқынуынан туындаған инсульт екенін хабарлады.

Ол коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған Мемлекеттік думаның үшінші депутат. Бұған дейін КПРФ-ның екі депутаты Вахи Агаев пен Валентин Шурчановтың қайтыс болғаны хабарланған.

Лариса Шойгу 1953 жылы Чадан қаласында дүниеге келген. 2007 жылғы желтоқсанда Мемлекеттік думаға келген. Депутат Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгоның туған әпкесі. Жоғары лауазымды тұлға әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Добавить комментарий