Таразда келіншек жаңа туған қызын бөтен отбасыға сатқан, оның кішкентай қызы үш жыл бойы өгей әке-шешесінің қолында болған. Билік өкілдері баланы отбасынан қайтарып алмақ, анасы 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
22 жастағы ана жезөкшелікпен айналысады. Ол жаңа туған баласын бейтаныс адамдарға беруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәбидің үш жылдан бері бөтен отбасының қолында тәрбиеленіп жатқанын Тараз полицейлері кездейсоқ білді, деп хабарлайды КТК.
Полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар мен жеңіл жүрісті қыздарын тексерді. Олар жезөкшелердің құжаттарын тексерген оның құпиясы ашылған.
Учаскеде келіншек баланы асырап алғысы келген отбасыны таныстары арқылы тапқанын айтты. Ол баласын ақшаға сатпағанын айтып ағынан жарылды.
Соған қарамастан, ол тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін үш жасар қызды өгей әке-шешесінен қайтарып алады.
2018 жылы бала туып, оны басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берген 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы, 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандарды сату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады, — дейді Жамбыл облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкері Ильхом Салахотдинов.