Президент атымен аталған мектептің оқушылары кварц шамының астында емтихан тапсыруға мәжбүр болғандықтан көздері зақымданды. Балалар бір жарым сағат ультракүлгін сәулелердің әсерінде болған.
Ақпарат қазнет кеңістігіндегі әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Хабарламада айтылғандай, жауапты тұлғалар кабинетте кварц шамын өшірмеген.
НЗМ әзірге бұд жайтқа түсініктеме берген жоқ, алайда ресми мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр
Оқиғаның мән-жайы. Елордалық Назарбаев зияткерлік мектептің төрт оқушысы кварц әсерінен көздері күйіп қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, оқушылар елордалық №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.
«2004 және 2005 жылы туған төрт баланы бейінді мамандар тексерді. Олардың барлығында жеңіл деңгейде электрофтальмия (көз алмасының зақымдануы) анықталды. Дәрігер тексергеннен кейін балалар үйіне жіберілді және тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Әлеуметтік желілердегі ақпарат бойынша, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мемлекеттік емтиханды кварц шамы өшірілмеген кабинетте тапсырған. Балалар шамамен бір жарым сағат кварц астында отырған, ал кешке қарай көзі ауыра бастаған.
Электр офтальмиясы көздің ультракүлгін сәулелерімен қарқынды сәулеленуі нәтижесінде пайда болады. Қасаң қабық ультракүлгін толқындардың негізгі бөлігін сіңіреді. Олардың әсері тері қабатындағы күн сәулесінің әсеріне ұқсас.