Балалар үйіндегі жаппай улану: жансақтау бөліміне алты бала түсті, біреуі көз жұмды

Қарағандыда балалар үйінде балалар жаппай улану дерегі тіркелді.

Балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 12 тәрбиеленушісі уланды.

Дәрігерлер бір баланы аман алып қала алмады. Тағы алты адам жансақтау бөлімінде жатыр, ал қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетерлігі, әуел баста балалар тамақтан уланды деп күдіктенген, бірақ дәрігерлер бұл нұсқаны жоққа шығарды. Облыс әкімдігі аталған оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Қылмыстық іс қозғалып, арнайы прокурорларға жолданды. Билік сараптама жүргізу және болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін шара қабылдайды.

«Алдымен екі бала 30 шілде күні аурухғанаға түскен, қалғандары кеше, 31 шілде күні жатқызылды. Әуел баста тамақтан уланды деп ойлаған, бірақ алғашқы тергеу нәтижесі оның тамақтан улануға қатысы жоқ екенін көрсетті», — деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Денсаулық сақтау министрі Қарағандыда келді, ол зардап шеккендерді көмек көрсету үшін ұшып келді.

Бұл оқиға қоғамда алаңдаушылық тудырды, билік аталған деректін мән-жайын анықтау және алдағы уақытта болдырмау үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауда.

«12 бала ауруханаға түсті. Оларға «белгісіз заттан улану» диагнозы қойылды, балалардың неден уланғаны і әлі түсініксіз. Өте аз уақыт өтті. 12 баланың біреуі, өкінішке қарай, қайтыс болды, алтауы — жансақтау бөлімінде жатыр. Бес баланың жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Олардың барлығы жасөспірімдер», — деді Айжан Есмағамбетова.

Добавить комментарий