Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Балалар Евровидениесі, ұлттық іріктеу кезеңдері және қазылар алқасының құрамы

14 августа 11:46 / Опубликовано в Маңызды

11 тамызда “Евровидение-2020” ән байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Естеріңізге сала кетейік, байқау  29 қарашада Варшавада өтеді.

Байқауға 9-14 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.

Ұлттық іріктеу төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің ресми сайтына жүктеуі керек.

Өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.

Екінші кезең – бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.

Үшінші кезең – jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады.

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы, 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі.

Жеңімпаз қазылар алқасы мүшелерінің бағалау мен SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Варшавада өтетін Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан сайысқа шығатын болады.

Ұлттық іріктеу қазылар алқасының құрамына “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, “Хабар” телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші және композитор Қайрат Баекенов, саундпродюсер Ерлан Бекчурин, Т.Жүргенов атындағы академияның деканы және продюсер Бағым Мұхым кірді.

Сонымен қатар, ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған қазылар алқасының мүшесі – белгілі композитор және продюсер, Әзірбайжан делегациясының басшысы Иса Меликов қатысады.

Ол Дима Билан, Эльдар Гасымов, Никки Жамал, Glenys Vargas, Kevin Ettienne сияқты орындаушыларға хит ән жазды. 2011 жылы оның шәкірттері – Ell & Nikki дуэті “Евровидение” байқауының жеңімпаздары атанған еді.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: іріктеу, Балалар Евровидениесі 2020, Варшава

Читать ещё

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы дайындалып жатыр
ҚР ИИДМ халықаралық әуе рейстерінің жаңа кестесін жариялады
Алматы: Көк базар жабық, Райымбек метро станциясы жұмыс істемейді

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Павлодарда ер адам әйелді мылтықпен атып өлтірді

    Павлодар облысы полиция департаменті Павлодарда...
  • 419 теңге: Қазақстандағы доллар бағамы

    Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясын...
  • Беларусь: Наразылық акцияларын қаржыландырған күдіктілер ұсталды

    Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 3-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын және 1-ші және 2-ші ...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 2-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын біздің сайтымыздан о...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: