Жағдайы төмен отбасылардың балаларын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның барлық өңірлерінде балабақшаларда және 1-4 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ беру жоспарлануда. ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 11 өңірде бұл мәселе оң шешілді, ал қалған өңірлерде бұл шараны енгізу процесі бюджетті бекіту кезеңінде тұр.
Қазіргі таңда тоғыз өңірде бюджет маусым айының соңына дейін бекітіледі, бұл балабақшаларда балаларға тегін тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларын оқу жылының басында ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Тоғыз өңірде бастауыш сынып оқушылары тегін тамақ ішеді, ал сегіз өңірде мәслихат сессиялары өткізіліп, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.
Қостанай облысында президенттң тапсырмасы ішінара орындалған, ал Абай және Шығыс Қазақстан облыстары бюджеттің маусым-шілде айларында бекітілуін күтуде, жалпы алғанда, 1 қыркүйекке қарай Қазақстанның барлық өңірлерінде балалар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.