Елордалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі Нұр-Сұлтандағы жекеменшік балабақшада баланы ұру фактісі бойынша қозғалған іс материалдары соттың қарауына жолданғанын хабарлады.
«Алан» жекеменшік балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша ҚР ҚК 140-бабы (білім беру мекемесі қызметкерінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Биылғы жылдың 25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деді сейсенбі күні Нұр-Сұлтан ПД бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров.
Бұған дейін баланы ұрып-соққаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болған.
«12 қаңтарда балаларымызды балабақшадан алып кеткенбіз. Балақайлардың бірінің анасы үйінде баласын шешіндіріп қараса денесі көгала қойдай. Ол медицина қызметкері және баланың денесінде жарақат, соққының іздері мен көгерген жерлер неден пайда болғанын біледі. 102 шақырып, арызданды. Біз іс қаралып жатқан шығар деп ойлағанбыз, сөйтсек тергеуші әлі күнге дейін сот сараптамасын алмаған екен, іс қозғалмаған! Фото, видео бар.Қылмыстық іс қозғалмады. Сотты күтеміз. Бізді қорқытты. Меңгеруші барлық ата-аналардың көзінше менің үстімнен арыз жазамын деп қоқан-лоқы көрсетті! Мен Instagram-ға жариялауға қорқамын. Видео бар. Жариялауға қорқамын, тергеу деректерін жарияламау туралы қолхатқа қол қойдым», — делінген хабарламада.