Байден өз рейтингіне қатысты пікір білдірді

АҚШ президенті Байден рейтингтерге сенбейтінін және сайлауалды жарыс кезінде оларды басшылыққа алмағанын мәлімдеді.

WKRC-TV телеарнасына берген сұхбатында өз рейтингі рекордтық деңгейге төмендегеніне түсініктеме бере отырып: «[Студияға] кірер алдында басқа БАҚ-тан көрген сауалнама нәтижелері рейтингімнің төмендегенін көрсетеді, бірақ ондағы арақатынас — 48%-дан [Байден қызметін оң бағалайтын] 48%-ға дейін».

Ол журналистің USA Today газеті мен Саффолк университеті бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижесіне қатысты сұрағына осылай деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік! Зерттеу көрсеткендей, америкалықтардың президенттің жұмысын мақұлдау деңгейі 37,8%-ға төмендеді.

Фото: АҚШ Президенті Джозеф Байден өз рейтингі төмендегеніне қатысты ақпаратқа өз ойын айтты

«Қоғамдық сауалнама нәтижесінде президенттікке үміткер болған жоқпын», — деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар, Байден АҚШ Конгресінде «қарапайым америкалықтарға айтарлықтай әсер ететін» әкімшіліктің күн тәртібіндегі мәселелер көтерілетінін атап өтті.

АҚШ президенті сауалнама нәтижесі «өсуі де, құлдырауы да мүмкін» деп, қазіргі уақытта Барак Обама (2009-2017) мен Билл Клинтон (1993-2001) сияқты «американдықтардың» қолдауына ие болатынын айтты. Байден коронавирус пандемиясы, энергетикалық дағдарыс және жұмыссыздық «америкалықтардың алаңдаушылығынтудырып отырғанын» мойындады.

Добавить комментарий