АҚШ президенті Джозеф Байден Гонконгтағы жағдайға қатысты ҚХР-ға қарсы санкциялар тағы бір жылға ұзартылғанын мәлімдеді.
«Гонконгтағы жағдай, оның ішінде Қытайдың Гонконг автономиясын бұзу жөніндегі соңғы әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына төтенше қауіп төндіруде. Осыған байланысты 2020 жылғы 14 шілдеде жарияланған ұлттық төтенше жағдай режимі 2022 жылғы 14 шілдеден кейін жалғасуы тиіс, — делінген Ақ үй таратқан Байденнің мәлімдемесінде.
2020 жылғы жазда Қытай парламенті Гонконгта ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң қабылдады. Бейжіңде атап өткендей, ол терроризм, сепаратизм, мемлекеттік билікке нұқсан келтіру, шетелдік күштермен сөз байласу қаупімен күресуге бағытталған және ең жоғары жаза өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді. Ақ үй аталған заңнамалық бастаманы Гонконгтың «автономиясын бұзу» деп қабылдады.
2020 жылғы 14 шілдеде АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп Гонконгтағы жағдайға байланысты ҚХР-ға санкция салуды, сондай-ақ ҚХР-ның осы арнайы әкімшілік ауданы үшін Құрама Штаттардың сауда-экономикалық артықшылықтарын жоюды көздейтін жарлыққа қол қойды. Пекин Вашингтонның әрекетін айыптап, оны Қытайдың ішкі істеріне араласу деп атады.