Джозеф Байден Вильнюсте Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуге ниетті екенін хабарлады.
Бұл туралы Politico басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша, 11 шілде, сейсенбі күні Байден Ердоғанмен кездесіп, оны Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдауға көндірмек. Ал сәрсенбі, 12 шілдеде АҚШ пен Украина көшбасшыларының кездесуі жоспарланған, алайда ол келісілмеген
Politico жазуынша, Байден Зеленскийді бірқатар бюрократиялық кедергілер мен реформаларды жоюға, сондай-ақ АҚШ пен НАТО-ның кейбір одақтастары тарапынан «қауіпсіздік бойынша елеулі міндеттемелер» алады деп сендіруге тырысады — бұл биыл Вильнюсте Киевке көрсетілетін максимум.
Еске сала кетейік, президент Владимир Зеленский дүйсенбі күні кешкі үндеуінде Вильнюсте өтетін Солтүстік Атлант Альянсының саммитіне қатысатынын растады.