АҚШ президенті Путинмен Женевадағы кездесуі кезінде кибершабуылдар жайлы мәселені көтеруге ниетті екенін хабарлады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы, өз кезегінде: «Осы мәселе президент [Байден] президент Путинмен екі аптадан кейін өтетін саммитте талқылайтын тақырыптардың бірі болады деп күтеміз», — деп мәлімдеді.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Федерациясы JBS кәсіпорындарына жасалған хакерлік шабуылға байланысты Америка тарапының өтініштерін шұғыл қарайтынын хабарлаған. Ол сондай-ақ Мәскеудің JBS-ге жасалған кибершабуылдарды ұйымдастырушылар туралы мәлімет жоқ екенін атап өтті.
АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Джен Псаки: «[Қарымта шараларын] қарауға келетін болсақ, біз кез келген жолмен қарымта қайтаратын нұсқаны жоққа шығармаймыз».
Псакидің айтуынша, ықтимал қарымта шараларды қарастыру процесі жүріп жатыр.
Бұған дейін JBS компаниясы жексенбі күні Солтүстік Америка және Австралия бөлімшелерінің компьютерлік желілері кибершабуылға ұшырағанын хабарлаған болатын. Ақ үйдің айтуынша, JBS зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету Ресейде болуы мүмкін қылмыстық ұйымнан келіп түскенін мәлімдеді. АҚШ әкімшілігі хакерлік шабуыл мәселесі бойынша Ресей билігімен байланыста екенін мәлімдеді. Оқиғаны тергеумен ФБР айналысып жатыр.
16 маусымда Женевада Путин мен Байден арасындағы екіжақты кездесу өтеді.