Байден мен Зеленский Киев сұраған қару-жарақ жеткізу мәселесін талқылады

АҚШ президенті Украина президенті Зеленскиймен РФ-мен соғыс үшін сұраған қару-жарақ жеткізу мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.

Джо Байден Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлеспек.

«Біз сөйлеспекшіміз», — деді ол Зеленскийдің қару-жарақ, оның ішінде батыстық жойғыш және ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандар жеткізу туралы жаңа өтініштеріне қатысты сұраққа жауап бере отырып. Байденнің журналистерге айтқан сөзін Agence France-Presse агенттігі келтіреді.

Дүйсенбі күні Байден АҚШ Украинаға Киевтің сұрап жатқан F-16 ұшағын бермейтінін мәлімдеді. Украина билігі 300 шақырымға дейінге қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарын да сұрады.

Добавить комментарий