Байден мен Путиннің кездесу уақыты аталды

Ақ үйдің баспасөз қызметі Женевада өтетін АҚШ президенті Джозеф Байденнің Ресей президенті Владимир Путинмен қай уақытта кездесетінін хабарлады.

Саммит 16 маусымда Ла-Гранж вилласында жергілікті уақыт бойынша 13:35-те (14:35 мск) басталады

Ресей президенті Владимир Путин мен америкалық көшбасшы Джо Байденнің кездесуі сәрсенбі күні Женевадағы Ла-Гранж вилласында жергілікті уақыт бойынша 13:35-те (14:35 мск) басталады. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үйдің әкімшілік басшысының жұмыс кестесінде айтылған.

“13:35. Президент Ресей-Америка саммиті аясында Ресей Федерациясының Президенті Жоғары Мәртебелі Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді», — делінген құжатта. Оның алдында хаттамалық түсірілім жоспарланған.

Кестеде айтылғандай, кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жергілікті уақыт бойынша 14:55-те (15:55 мск) баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз басталады. Бұл ретте, АҚШ көшбасшысы жергілікті уақыт бойынша 16:40-та (17:40 мск) Ресей президентімен «кеңейтілген екіжақты кездесуді жалғастырады» деп атап өтілді.

Құжатқа сәйкес, Байден Путинмен кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді, бірақ Ақ үй оның басталу уақытын көрсетпеді. Бұл ретте, бірінші Ресей президенті баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде. Байден мейрамхана мен шағын қонақ үй бар көршілес Eaux-Vives саябағында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап береді. Одан кейін ол өзінің ұшағымен Вашингтонға қайтады, нақты келу уақыты көрсетілмеген.

Байден Ла-Гранж вилласына жергілікті уақыт бойынша 13:10-да (14:10 мск) келеді, оны Швейцария президенті Ги Пармелен күтіп алады. Бұған дейін АҚШ әкімшілігінің жоғары дәрежелі өкілі журналистерге хабарлағандай, Путин бірінші болып жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де келеді, ал Байден сәл кейінірек келіссөзге қосылады деп күтілуде. Содан кейін сағат 13:25-те (14:25 мск) Путин, Байден және Пармелен саммиттің өтуіне байланысты бірге суретке түседі. Жоспарланған хаттамалық түсірілім барысында швейцариялық көшбасшы ғана сөз сөйлейді деп күтілуде, деп атап өтті америкалық шенеунік. Ол екі мемлекет басшыларының кездесуінде жұмыс бабындағы түскі ас қарастырылмағанын, ал кездесу өзі төрт-бес сағатқа, одан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты.Бұл ретте Путин мен Байден екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Сергей Лавров пен Энтони Блинкеннің, сондай-ақ аудармашылардың қатысуымен шағын құрамдағы келіссөздерді бастайды. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер әр тараптан бес лауазымды тұлғаның қатысуымен өтеді.

 

16 маусымда Женевада АҚШ пен РФ саммитін өткізуге Вашингтон бастамашы болды. Бұған дейін Кремльде хабарлағандай, Путин мен Байден екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, стратегиялық тұрақтылық проблемаларын, сондай-ақ коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл және өңірлік қақтығыстарды реттеу және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Бұл Байден АҚШ президенті қызметіне кіріскелі бергі Путинмен алғашқы жеке кездесуі болмақ.

Добавить комментарий