Байден мен Путин G20 саммитінде кездеспейді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41400-1666943553-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Вашингтон Байден мен Путин G20 саммитінде тет-а-тет форматында кездеспейтінін мәлімдеді.

Қарашада Индонезияда өтетін G20 саммитінде АҚШ президенті Джо Байден мен РФ президенті Владимир Путин кездеспейді. Бұл туралы Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби хабарлады, деп жазады CNN.

«Президент Владимир Путинмен кездесуге ниеті жоқ екенін айтты», — деді Кирби брифинг кезінде журналистерге.

Басылым бұған дейін Байден CNN тілшісіне берген сұхбатында Путин баскетбол ойыншысы Бриттни Грайнерді босату туралы ұсыныспен келетін болса, онымен «Үлкен жиырмалық» саммитінде кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

Еске салайық, «Валдай» клубының саммитінде сөйлеген сөзінде Путин Индонезиядағы саммитке сапарына қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын хабарлады.

Бұған дейін Байден РФ басшысы ақылды сасаткер, бірақ Украинаға баса-көктеп кіріп «үлкен қателік» жасады деп мәлімдеді.

Добавить комментарий