Байден мен Путин алғашқы телефон арқылы сөйлесуі кезінде не туралы әңгімелесті

АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ пен Ресей басшылары алғашқы телефон арқылы сөйлесу барысында не талқылағанын айтты.

Әңгімелесу сейсенбі күні америкалық тараптың бастамасымен өтті — бұл туралы Байденнің баспасөз хатшысы Джен Псаки айтты.

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Путин Байденді мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады. Ол сондай-ақ РФ мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа келуі «қос елдің мүддесіне сай келетінін» және «бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мүддесі » екенін деп атап өтті.

Бұдан басқа, президенттер Стратегиялық шабуыл қару-жарақтары туралы шартты (СШҚ) ұзарту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізу туралы ноталар алмасуға ризашылығын білдірді. Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын күндері тараптар маңызды халықаралық-құқықтық тетіктің одан әрі жұмыс істеуін қамтамасыз ететін барлық қажетті рәсімдерді аяқтайды.

Сондай-ақ, Путин мен Байден АҚШ-тың ашық әуе кеңістігі жайлы келісімнен біржақты шығуы, коронавирус пандемиясына қарсы күрес, Украинаның өз ішкі жағдайын реттеу сияқты тақырыптарды қозғады. Сондай-ақ, Иран ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарын сақтау мәселесі және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің саммитін өткізу туралы Ресейдің бастамасы талқыланды.

РФ Федерациясы Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Константин Косачев РИА Новости-мен болған сұхбатында Путин мен Байден арасындағы әңгімені «маңызды және уақытылы» деп атады. Оның айтуынша, елдер арасында «диалогты дамыту үшін мүмкіндіктер» бар.

Добавить комментарий