Байден Киевке баруға дайын екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Джозеф Байден Киевке сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол бейсенбі, 14 сәуірде журналистермен әңгімелесу кезінде айтты.

Журналист америкалық президенттен жоғары лауазымды шенеуніктерді және мемлекеттік қызметкерлерді Украинаға жібересіз ба деп сұрады

«Біз қазір бұл шешімді қабылдап жатырмыз», — деп жауап берді Байден.

Сондай-ақ, АҚШ президенті өзі Киевке баруға дайынсыз ба деген сұраққа оң жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Киевке барудан бас тартуына байланысты туындаған жағдайды «күрделі» деп атаған болатын.

Кейінірек, Германия канцлері Олаф Шольц недіктен Штайнмайердің орнына Киевке бармайтынын түсіндірді.

Добавить комментарий