Байден Ресейде The Wall Street Journal журналының журналисі Эван Гершковичтің қамалуын заңсыз екенін және ол отбасымен байланыса алмай отырғанын мәлімдеді.
Мемлекеттік департамент оны босатуға шақырады. Сонымен қатар, ФҚҚ Қоғамдық байланыс орталығы Гершкович Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының бірінің қызметі туралы ақпарат жинағаны үшін ұсталғанын хабарлады.
Еске сала кетейік! РФ ФҚҚ тергеу басқармасы «Тыңшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Журналистке қатысты 29 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.