Байден Ауғанстаннан эвакуациялауды тез арада аяқтау қажет деп санайды

АҚШ президенті Джо Байден тәліптердің Вашингтонға берген уәделеріне сенбейтінін айтып, Ауғанстаннан эвакуациялауды тез арада аяқтау керек деп мәлімдеді.

«Талибан» террористік қозғалысының (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалыс Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшыларының талабы бойынша, Байден 31 тамызда Ауғанстандағы америкалық азаматтарды эвакуациялауды аяқтайды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Одақтастарының эвакуациялау мерзімін ұзартуды сұрағанына қарамастан, америкалық көшбасшы америкалықтар мен ауғандықтарды эвакуациялау операциясын белгіленген уақыттан бұрын аяқтамақ.

«Біз неғұрлым ерте аяқтасақ, соғұрлым жақсы. Тәліптер отандастырымызды елден шығару үшін көмектеседі, алайда халықаралық қауымдастық содырлардың іс-әрекетіне байланысты шешім қабылдайды. Тәліптердің сөзіне сенбейміщ», — деді Байден.

Саясаткердің айтуынша, АҚШ азаматтары ел аумағында ұзақ уақытқа қалатын болса, содырлардың «шабуылына ушырау қаупі арта түседі».

Байден өз сөзінде Құрама Штаттар 14 тамыздан бастап 70 мыңнан астам адамды эвакуациялауға көмектескенін мәлімдеді. Алайда, ол операцияның белгіленген уақыттан бұрын аяқталуы тәліптердің әріптестік орнатып, эвакуацияланатын адамдарды Кабул әуежайына жіберуіне байланысты екенін атап өтті.

Байден Пентагонға әскерлерді шығару кейінге қалдырылатын болса, күтпеген жағдайларға арналған жоспар дайындауды тапсырды.

Добавить комментарий