АҚШ президенті Джозеф Байден ағымдағы жылдың ақпан айында Польшаға сапармен баруы мүмкін. Аталған сапар жоспарланып отыр, бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
NBC телеарнасының хабарлауынша, америкалық әкімшілік басшысының сапары ағымдағы айдың соңында болуы мүмкін.
«АҚШ президенті Джо Байден ақпан айында Украинадағы соғыс қимылдарының басталғанына бір жыл болғанына орай Польшаға сапармен барады деп күтілуде», — деп хабарлады дүйсенбі күні NBC телеарнасы.