Байбек: Елбасы құрған «Birgemiz» қоры 650 мыңнан астам отбасына көмектесті

Назарбаевтың пандемия кезінде көмекке мұқтаж отбасыларына қолдау көрсету мақсатында құрған Birgemiz қоры қазақстандық отбасылардың әрқайсысына 50 мың теңге төледі.

Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары — Байбек мәлімдеді.

«Құрметті достар! Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры төлем жасаудың 5-ші толқынын аяқтады. Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Сонымен, барлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2,2 млн. қазақстандық тікелей қаржылық қолдаумен қамтылды», — деп жазды ол Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіліп, Мақтаарал тұрғындарына су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 жаңа үй салынды.

Байбек атап өткендей, #BizBirgemiz акциясы аясында шамамен 320 мың отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Халық арасындағы қорғанысы әлсіз 100 мың отбасыға 5 млн маска тегін берілді.

«Елбасы бастамасымен қорға 34 млрд. теңгедей қаражат жинаған барша демеушілер мен меценаттарға тағы да алғыс айтқым келеді. Коронавируспен күрес кезеңінде мұқтаждарға қолдау көрсету бойынша осынау игі іске атсалыса отырып, еліміз бен халқымыз қажырлылық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті!», — деп түйіндеді ол.

Добавить комментарий