Бұл туралы сәрсенбі күні қала әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
«Құқық қорғау органдарынан түскен террорлық акт қаупі туындауы туралы және оны жасалуына қарсы іс-қимыл ұйымдастыру туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, әкімшілік басшысы К.Д.Бусыгин Байқоңыр аумағында террористік қауіптің жоғары («көк») деңгейін 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 12.00-ден 3 ақпан сағат 12.00-ге дейін, 15 тәулік мерзімге енгізу туралы шешім шығарды», — делінген хабарламада.
Әкімшілік хабарлағандай, құқық қорғау органдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдап жатыр. Азаматтарға айналадағы адамдардың сыртқы келбетіне және іс-қимылының оғаштығына, иесіщ автокөліктерге, күдікті заттарға назар аударуға кеңес береді.
«Террористер жарылғыш заттарды жасыру мақсатында тұрмыста қолданатын қарапайым заттарды пайдалануы мүмкін: қорап, сөмке, портфель, темекі қорабы, ұялы телефон, ойыншық», — деп еске салды қалалық әкімшіліктегілер.
Бұған дейін Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қалада 19 қаңтарға дейін бірқатар шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаған. Атап айтқанда, түнгі уақытта БӨП-тің қозғалысы мен жұмысы уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындары сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді, қалада алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынады. Алкоголь өнімдерін тек кафелер мен мейрамханаларда сатуға рұқсат етілген.