АҚШ ДДҰ-ны COVID-19-дың шығу тегі туралы жалған ақпарат таратты және Қытаймен сөз байласты деп айыптады

Америка Құрама Штатының бұрынғы мемлекеттік хатшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 шығу тегі туралы баяндамасын сынға алды. Майк Помпео авторларды Қытаймен сөз байласқан деп айыптады.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирустың шығу тегі туралы баяндамасын сынға алып, оның авторларын қытайлық жалған ақпарат тарату науқанын қолдады деп айыптады.

«Мен осы үшін АҚШ-ты ДДҰ-дан шығуға кеңес бердім», — деп жазды ол өзінің «Твиттердегі» парақшасында.

М. Помпеоның пікірінше, COVID-19-дың ошағы Ухандегі Вирусология институты болып табылады. Дипломат сондай-ақ ДДҰ басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен вирустың таралуы туралы шындықты жасыру үшін ынтымақтасуда деп болжады. Бірақ ол мұндай «сөз байласу» туралы дәлел келтірген жоқ:

«ДДҰ баяндамасы — бұл Қытай коммунистік партиясы мен ДДҰ-ның жалған ақпарат жөніндегі науқанының жалғасы. Міне дәл осыүшін кезінде АҚШ-тың ДДСҰ-дан шығуын ұсынған едім»

Баяндамада вирустың зертханадан тарауы мүмкін емес екені айтылған. Бұл ретте БАҚ-та ғалымдар Қытай билігі тарапынан оларға қысым жасалып және бақылауға алғаны туралы бірнеше рет мәлімдемеген болатын. Сонымен қатар, зерттеу кезінде Ухандегі кейбір нысандар жабық болды.

Баяндамаға Джо Байден әкімшілігі де күмән келтіреді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки ДДҰ баяндамасы COVID-19-дың шығу тегін анықтай алмағанын мәлімдеді.

Сол арада, Ресей президенті Франция мен Германия басшыларымен «Спутник V» тіркеу мәселесін талқылады. Өзінің коронавирусқа қарсы препаратын әлемде бірінші болып тіркеген Ресей оны Еуропа аумағында таратуға әрекет етіп жатыр.

Алайда одақтың ішінде бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер бар: кейбір елдер сатып алуға дайын, ал басқалары мүлдем қарсы. Мәселен, Германия «Спутник V» вакцинасын өз бетінше және көршілес елдердің пікірін ескермей сатып алуға дайын. Le Monde газетінің жазуынша, қазір Еуропа ресейлік вакцинаға байланысты өз арасында бөліне бастады. Мәскеу 4 наурыздан бері ЕО-ның мақұлдауын күтіп отыр, бірақ препаратты бағалау әлі аяқталған жоқ.

«Спутник V» вакцинасының сәтті тіркелуі үшін британ-швед AstraZeneca жақында ғана «сәтсіздікке ұшырауы» әсер етті, оны көптеген еуропалық елдер тромбоздың пайда болуына байланысты тоқтатты.

Добавить комментарий