БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41087-1666630019-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать
Қазақстан Парламенті мәжілісінің ұйымдастыруымен Астанада қазақстандық БАҚ қызметкерлерінен құралған командалар арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр.

Жарыс Республика күніне арналып отыр.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Республикалық турнирді Мәжіліс төрағасының орынбасары Павел Казанцев ашып берді. Вице-спикер жарысқа қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, мұндай турнирдің алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтып, сәттілік пен жеңіс тіледі.

Республика күні мерекесінің әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше. Бұл күн ел егемендігінің бастауы болды. Бүгін осы мерекеге орай жарыс өткізіп отырмыз. Депутаттар корпусы мен журналистер халықтың мәселесін бірге көтеретін, күнделікті өмірде белсенді жұмыс істейтін одақтастар!

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

Республикалық турнирге Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанадан келген 20-дан астам журналистер командасы, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары мен қызметкерлері қатысуда.

Турнир елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтіп жатыр.

Добавить комментарий