Бақташы ауылдасын атып өлтірді

Мас бақташы жанжал кезінде ауылдасын атып өлтірді.

Жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. — 29 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Қарқаралы ауданында 50 жастағы ер адам қаза тапты.

Қ.Аманжолов ауылынан 3 шақырым жерде даладан денесінде оқ жарақаттары бар ер адамның денесі табылды.

“Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 35 жастағы ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Осыған байланысты жәбірленуші оған ескерту жасаған. Осының салдарынан екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, соңында ұсталған азамат қарумен жәбірленушіні атып тастаған” , – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қылмыс қаруы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий