БАӘ халқының ьарлығы COVID-19-ға қарсы вакцина алды

Біріккен Араб Әмірліктерінде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау процесі аяқталды. Елдің барлық халқы екпе алды.

Бұл туралы WAM жаңалықтар агенттігі елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«COVID-19 вакциналау бойынша ұлттық науқан аяқталды, елдегі халықтың 100%-ы вакцина алды және мақсатты топтарды иммундау аяқталғанын жариялаймыз», — делінген хабарламада.

 

Добавить комментарий