Бағдарламашы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болып тағайындалды

Бағдарламашы Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік! Бұған дейін Бекбауов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.

Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған. 2008-2016 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (ҰАТ) АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.

2016-2017 жылдары коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды. 2017-2020 жылдары — ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.

Добавить комментарий