БҰҰ Әзірбайжан мен Армения шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты кеңес өткізеді

Франция Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын шақырды.

Бұл туралы Reuters басылымы жазды.

Шекарадағы атыстарды талқылау бастамасын Франция президенті Эммануэль Макрон көтерді.

Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жағдай 12 қыркүйек күні кешке ұшығып кетті. Армения Қорғаныс министрлігі Горис, Капан, Джермук, Корнидзор қалалары маңындағы әскери орындары атысқа ұшырағанын мәлімдеді. Баку бұл әрекеттер Әзірбайжан Қарулы Күштеріне қарсы кең ауқымды арандатуларға жауап болғанын мәлімдеді.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:00-ден бастап тараптар атысты тоқтату режимін орнатуға келісті, алайда уағдаластық бірден бұзылды. Осыдан кейін Ресей СІМ тараптарды елдер басшыларының үш жақты мәлімдемелеріне сәйкес атысты тоқтату режимін мүлтіксіз сақтауға және жағдайды одан әрі ұшықтырмауға шақырды.

Добавить комментарий