Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы зираттардың бірінде бір топ оқушы ауылдық зират басын қиратып кетті. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды.
Олар үш оқушы болып шықты. Балалар 12 құлпытас пен қоршауға зақым келтіріп, шіркеудің терезелерін сындырып, ескерткішке бояу құйған.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында полицейлер зиратта бұзақылық фактісін анықтады. Үш оқушы ескерткіштер мен қоршауларды зақым келтірді, деп хабарлады СҚО БПД баспасөз қызметі.
Аудан полицейлері қылмыс жасады деген күдікпен үш оқушыны ұстап, сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Зираттың бұзылғанын жергілікті тұрғындар байқаған. Келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын тіркеді. Бір ескерткішке акрил бояуы құйылған. Сонымен қатар, зиратта орналасқан шіркеудің терезелері сынған. Полицейлер 10-12 жастағы үш жасөспірімді анықтады, олар бірнеше күн бұрын бейіттерде маңында жүргені анықталды. Олар аталған фактіге қатысы бар екендіктерін растады», — деп хабарлады полициядан.
ҚР ҚК 314-бабы «Қайтыс болғандардың мәйіттерін және олардың жерлеу орындарын қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айыртау ауданының КП бастығы Әбілғазы Ғабдуллин қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, аяқталған соң соңғы процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.