БҰҰ Украина аумағындағы қақтығыстың аяқталатын түрі жоқ екенін мәлімдеді.
Бұл туралы жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында дүниежүзілік ұйым бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари Ди Карло мәлімдеді.
Оның айтуынша, қақтығыстың басталғанына «бес айдың жүзі өтті және аяқталатын түрі жоқ, керісінше, ұрыс қимылдары қарқын алып келеді»
Оның айтуынша, қақтығыстың басталғанына «бес айдың жүзі өтті және аяқталатын түрі жоқ, керісінше, ұрыс қимылдары қарқын алып келеді». Ди Карло «саяси диалог тоқтағанын» айтты. Оның пікірінше, «жаз маусымы аяқталуға жақындағанда, гуманитарлық салада жұмыс істеу үшін қысқа дайындалу қажеттілігі туындайды».
«Азық-түлік төңірегіндегі жағдай шешіліп жатқанына қарамастан, біз маңызды дипломатиялық күш-жігердің болмауына алаңдаулымыз, — деп атап өтті ол. — Кез келген тараптан жағдайды шиеленістіруге ықпал ететін риторика Ыстамбұлда көрсетілген сындарлы рухқа сәйкес келмейді».