БҰҰ Ресей мен Украинаны «барлығын барлығына алмастыру» форматында әскери тұтқындармен алмасуға шақырды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей мен Украина «барлығын барлығына алмастыру» форматында тұтқындармен алмасатынына сенім білдірді.
Оның айтуынша, тұтқындармен алмасу жағымды нәрсе, себебі тұтқындар мен олардың отбасыларының мұңын азайтады. «Мен білдірген ұстанымның негізі осыншама адамның өміріндегі осы драманы жою үшін «барлығын барлығына» форматында тұтқын алмасу жүргізу», — деді БҰҰ бас хатшысы.
Сонымен қатар, ол БҰҰ әдетте алмасу процесіне қатыспайтынын атап өтті, себебі бұл Халықаралық Қызыл Крест комитетінің құзыретіне кіреді. «Әрине, біз Ресей мен Украинаның барынша ауқымды келісімге қол жеткізуін қалаймыз», — деп толықтырды ол.
Бұған дейін Гетурриш әлем Путин мен Зеленскийдің тікелей келіссөздерінен әлі көрмейтінін мәлімдеген болатын. Алайда БҰҰ «игі қызметтер» көрсете отырып, бұл мәселеге жәрдемдесуге дайын. БҰҰ Бас хатшысы екі тарап арасында бейбіт келісім орнату мүмкіндігі қазір барынша аз екенін атап өтті. Оның пікірінше, Мәскеу де, Киев те «әлі де өз мақсатын алға тартып отыр».