Бұқтырма су қоймасында катерде отырған 24 адам суға батып кете жаздады

Бұқтырма су қоймасында дауыл кезінде катерде отырған 24 адам суға батып кете жаздады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

17 шілде сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасындағы «Ауда» демалыс базасынан үш шақырым жерде жолаушылар отырған катер 20 м/с жылдамдықпен соққан қатты соққан желдің салдарынан суға батып кетті.

«Қайық «Садко» демалыс базасынан «Аюда» демалыс базасына бет алған. Бортта 24 адам (21 жолаушы және үш команда мүшесі) болды.

Адамдарды құтқару үшін капитан бастаған команда мүшелері катерге тез арада құтқару салын орналастырды. 21 жолаушы, оның ішінде тоғыз бала және қайықтың командасы аман-есен «Аюда» демалыс базасына жеткізілді. Барлық азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес», — делінген хабарламада.

Жолаушылар демалыс базасында орналастырылды, оларға қажетті көмек көрсетілді, тамақтандырды. Құтқарушылар жолаушылардың заттары оқиға орнынан жағалауға жеткізді.

ШҚО ТЖД хабарлағандай, келе жатқан қатты жел мен дауыл туралы алдын ала хабарланған.

Добавить комментарий