БҰҰ Түркияның жаңа атауын бекітті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркияның жаңа атауын бекітті. Ресми құжаттарда қолданылатын бұрынғы атауы — Republic of Turkey. Жаңа атау — Republic of Türkiye.

Түркия СІМ БҰҰ-ға жасаған үндеуінде «елдің әлемдік аренадағы беделін арттыру үшін» өзгерістер енгізуді сұрады. Оның үстіне «turkey» ағылшын тілінен аударғанда «күркетауық» деген мағынаны білдіреді.

Елдің атауы 2021 жылдың желтоқсанында Түркия президентінің жарлығы бойынша өзгертілді. Осыдан кейін елде өндірілетін барлық тауарлар Made in Turkey орнына Made in Turkey бірыңғай брендімен шығарыла бастады. Ресми құжаттарда атауы сол қалпында қалды.

Добавить комментарий