БҰҰ Сирияға донорлық көмек көрсету бастамасын көтерді. Ол келесі аптада іске қосылады.
Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге дүниежүзілік ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш хабарлады.
Бас хатшының айтуынша, БҰҰ-ның төтенше жағдайларға ден қою қорынан 25 млн доллар бөлінген. «Келесі аптаның басында біз Сириядағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерді донорлық қолдауға шұғыл шақыруды іске қосамыз, — деп атап өтті Гутерриш. — БҰҰ агенттіктері халықаралық және ұлттық ҮЕҰ-мен қатар Сирияға қатысты ден қою мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл қаражатты гуманитарлық қауымдастық аса маңызды көмек үшін қолданады».
Әлемдік қоғамдастықтың әкімшілік басшысы БҰҰ да Түркияға кез келген жолмен көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.