Бұрынғы Қорғаныс министрі 2 айға қамауға алынды

Бұрынғы Қорғаныс министріне қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды — екі ай мерзімге қамауға алынды

Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі екі айға қамауға алынды. Сот отырысында оған қатысты мұндай бұлтартпау шарасы таңдалды.

«22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.К.Бектановқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — деп хабарлады Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.

Аталып өткендей, «қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді».

Бұған дейін 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты қызмет бойынша әрекетсіздік фактісі бойынша (ҚР ҚК 452-бабы бойынша) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 20 ақпанда экс-министр ұсталып, УҰИ-ге қамалды.

 

Добавить комментарий