Батыс Қазақстан облысының өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі туралы жаңалықтар жергілікті тұрғындар мен биліктің назарында тұр.
Атап айтқанда, күн райының жылынуы аймақтағы су тасқыны қаупін тудырды.
«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 11 наурызда Деркөл өзеніндегі су деңгейі 524 см, ал Чижа өзеніндегі су деңгейі 763 см құрайды, бұл қауіпті деңгейден асады. Осыған байланысты, жергілікті жерлердегі ЖАО мен ТЖД кезекшілік ұйымдастырып, су қоймаларына мониторинг жүргізуде.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін облыс ТЖК шұғыл отырыс өткізіп, нәтижесінде ТЖД бөлімшелерін Тасқала ауданы мен Бәйтерек ауданына жіберу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, ЖАО және ТЖД қызметкерлері авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ Орал қаласы мен облыстың тоғыз ауданында суды сору жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, адамдар мен төрт түлік малды эвакуациялау жүзеге асырылмаған.
Төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау және алдын алу шараларын жүргізу мақсатында халық арасында қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат таратылды. Барлығы 21 мыңнан астам жадынама таратылды.