Сандәрігер БҚО «омикрон» деп аталатын жаңа штамды жұқтыру жағдайы анықталмағанын айтты.
Батыс Қазақстан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, өңірде коронавирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайы анықталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Облыста «омикрон» жағдайы тіркелген жоқ. Әлемде коронавирустың «омикрон» штамы анықталуына байланысты, сондай-ақ «омикрон» штаммын секвенирлеу үшін COVID-19 эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде SARS-COV-2 жаңа нұсқасын уақтылы анықтаудың маңыздылығын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық сараптама орталығына КВИ жұқтырған науқастардың оң нәтиже көрсеткен сынамалары жіберілді. Нәтижелер әлі де дайын емес», — деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.