БҚО-да тергеуші пара ретінде қой алғаны үшін ұсталды
Батыс Қазақстан облысында тергеуші пара ретінде қой алды деген күдікпен ұсталды.
Бұл жайтқа БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков түсініктеме берді, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Күдікті тергеу басқармасының аға тергеушісі болып қызмет атқарады. Алайда қызметкер қойдың ұшасын 40 мың теңгеге сатып алғанын айтады. Бұл дерек ҚР ҚК 366-бабы «Пара алу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді, әзірге түпкілікті шешім шығарылмады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары одан әрі тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.