БҚО-да қоқыс үйіндісінен ер адамның мәйіті табылды

Батыс Қазақстан облысында қоқыс үйіндісінен ер адамның мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары ізін сауытпай ауыр қылмысты жасаған күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное ауылында адам өлтірді деген күдікпен 1999 жылғы ер адам ұсталды.

БҚО-да қоқыс үйндісінен мәйіт табылды: оқиғаның егжей-тегжейі

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 қыркүйек күні сағат 19:05-те Круглоозерное ауылының шетіндегі қоқыс арасынан 30-35 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылды.

Кейін марқұмның жеке басы анықталды, ол Казталов ауданының 1990 жылғы тұрғыны А. есімді азамат болып шықты.

Аймақтық полиция департаменті ізін суытпай ауыр қылмысты жасады деген күдікті А. есімді 1999 жылы туған азамат анықталып, ұсталғаны нақтыланды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

19 қыркүйекте Алматыда өзен маңында жоғалған қыздың мәйіті табылған болатын.

Добавить комментарий