Батыс Қазақстан облысында 10 қарашадан бастап карантиндік шектеулер енгізіледі. Облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев тиісті қаулыға қол қойды.
«Ағымдағы жылдың 10-23 қарашасы аралығында Батыс Қазақстан облысының барлық аумағында ерекше жағдайлары бар шектеу шаралары енгізілсін», — делінген құжатта.
Демалыс күндері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Орал қаласы мен аудандарына кіру/ шығу периметрі бойынша санитарлық бекеттер орнатылады.
Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аймағындағы коронавирустың таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін екендігі атап өтілді.
«Карантин жеңілдетілмейді!» — деп мәлімдеді брифингте БҚО санитарлық дәрігері
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде — құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және — медициналық ұйымдарға бармай, дереу 103 телефонына қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгінуі керек.
Оның ішінде ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралар (банкеттер, тойлар, мерейтойлар, еске алу және тағы басқа), соның ішінде үйде адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Барлық ойын-сауық объектілерінің қызметі тоқтатылады.
Әуежайларға, теміржол вокзалдарына кіруге шектеу қойылады
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80%-ға дейін қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру, жеке компанияларға ұжымның кемінде 50%-ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылды.