БҚО-да екі жаңа су қоймасы салынады

БҚО билігі өңірде екі жаңа жасанды су айдыны салынатынын айтты.

Мұндай шешім Батыс Қазақстан облысында су тапшылығын жою қажеттілігіне байланысты қабылданды.

Сондай-ақ, бір су қоймасын жаңғырту жоспарлануда.

ҚР Премьер-министрі Роман Скляр депутаттық сауалға жауап бере отырып:

«Ресейден Еділ суын беру жөніндегі қызметтерге республикалық бюджеттің шығындарын 30%-ға дейін төмендету және Казталов ауданы Жалпақтал ауылынан жоғары 12 мыңнан астам тұрғынды сумен қамтамасыз ету үшін Қараөзен өзенде көлемі 28 млн м3 су қоймасын салу жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және оны 2022-2024 жылдарға іске асыру жоспарлануда», — деп хабарлады Роман Скляр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазталов ауданы Сексенбай ауылының тұсынан жобалық сыйымдылығы 10-12 млн м3 құрайтын су қоймасының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме дайындалуда.

Сонымен қатар, Киров су қоймасын реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, құны 2,6 млрд теңгені құрайды, жобаны іске асыру 2022-2024 жылдарға жоспарланған.

Сонымен қатар, Жайық өзенінен су тұтыну мөшерін азайту мақсатында суландыру жүйелерін қайта құру, қайталама су пайдалану, егін шаруашылығында тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану және т.б. тетіктері көзделеді.

«Трансшекаралық өзендердің гидрометеорологиялық жағдайларын ескере отырып, көктемгі өр суы келер алдында РФ-мен су бөлуді ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда маусым-тамыз айларында Жайық өзеніндегі су деңгейін ұстап тұру үшін Ириклин су қоймасынан су өтімін 30 м3/с дейін ұлғайту туралы келісімге қол жеткізілді», — деді Роман Скляр.

Оның мәліметінше, Жайық өзенінен су алуды қысқарту үшін жерасты сумен көздеріне кезең-кезеңмен көшу туралы шешім қабылданды.

Батыс Қазақстан облысында су тапшылығын болдырмау және халықты тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы көлемі тәулігіне 1000 м3 су беретін 16 ұңғыманы қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

2015-2021 жылдар аралығында 224 елдімекенде жерасты су қорлары зерттеліп, 13 су көздері қайта бағалау өтеді. Бұл ретте 2022-2024 жылдар аралығында елдімекендерді жерасты сумен қамтамасыз ету үшін 7 су көзін қайта бағалау бойынша жұмыстар жоспарланған.

Сондай-ақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданында Шығыс Тайсойған жерасты суларының қорынан су алу үшін қосымша барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

Добавить комментарий