БҚО-да коронавирустық инфекция қарқынды түрде таралып жатыр. Облыста ауру жұқтырғандар саны 10 мың адамнан асады.
Аймақ COVID-19-дың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа енді.
Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, 21 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Алматы қаласы, Қарағанды, Алматы облыстары орналасқан, — деп атап өтті ҚР ВАК. — «Жасыл» аймақта — қалған барлық өңір.
Айта кету керек, ҚР ВАК мәліметінше, өткен тәулікте, 20 қаңтарда республикада COVID-19-дың жаңа 1 1180 жағдайы тіркелген, оның 55-і БҚО-ға тиесілі.
Елімізде барлығы 172 412 жағдайы расталды, оның ішінде БҚО-да — 10085 жағдай.
Сондай-ақ, ВАК хабарлағандай, 21 қаңтарда елімізде 25 088 адам КВИ-ден емделуді жалғастыруда. КВИ-ге шалдыққан науқастардың ішінде 298 науқас ауыр жағдайда, 57 науқас аса ауыр жағдайда, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
«2021 жылғы 19 қаңтарда COVID-19 белгісі бар пневмониямен сырқаттанудың 131 жағдайы, 2 өлім-жітім жағдайы тіркелді. 120 адам емделіп шықты, — деп түсіндірді ҚР ВАК. — 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 47 115 алам ауруға шалдықты, өлім-жітім жағдайы — 547, барлығы 34 925 адам емделіп шықты».