БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінде сенім грамоталары тапсырылды

Венада БҰҰ Бас хатшысының орынбасары — БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) атқарушы директоры Гаде Валиге сенім грамоталарын тапсыруға арналған дипломатиялық іс-шара өтті. Оларды Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, елші Қайрат Омаров сенім құжаттарын табыс етті.

Кездесу барысында Г.Вали Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты ризашылықпен атап өтіп, біздің мемлекетімізге Басқарма қызметіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

Елші өз тарапынан Қазақстан үшін БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастық, әсіресе есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (CARICC) желісі бойынша ынтымақтастықты аса маңызды бағыт ретінде қарастыратынын хабарлады.

Добавить комментарий