Павлодар облысында жас бүлдіршін мерт болды. Ол трактордан құлап, өмірімен үйлеспейтін жарақат алғаны хабарланды.
Жазатайым оқиға 7 шілде күні түс ауған шақта Баянауыл ауданы Қаражар ауылында болды. 2019 жылы туған бала үйдің ауласында «МТЗ-82» тракторының салонынан жерге құлап түсті.
«Сәби ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, алған жарақатынан есін жимастан қайтыс болды. Сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала ауруханада қайтыс болды.
«Қарап тексеру кезінде бас-ми жарақаты, мұрыннан, ауыз қуысынан, құлақтан қан кеткені анықталды», — деді ведомства өкілдері.