БАҚ хабарлағандай, климатты қорғау бойынша үш мыңнан астам шеру бүкіл әлем бойынша өтті. Жалпы әлемдік акцияға Германия астанасы да қосылды. Мектеп оқушыларынан басқа оған мұғалімдер, ата-аналар мен Берлин тұрғындары қолдау көрсетті.
Шолпан Найманбаева: «Берлинде бір мезгілде климатқа қатысты бірнеше шеру өтті. Ең ірілерінің бірі мұнда Бранденбургтік қақпасында өтті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, климаттық шеруге 5 мың адам қатысты. Бірқатар ұран болды. Шерушілер көмірден тез бас тартып, баламалы энергия көздеріне көшуді талап етеді. Бұдан басқа, адамдар мегаполистердегі ауаны тазартуды сұрайды. Сондай-ақ пластикалық ыдыстар мен пакеттерге тыйым салуды талап етті».
Айта кетейік, бұл белсенділердің алғашқы ірі шеруі. Коронавирустың пандемиясының байланысты олар біраз уақыт шеруге шықпады. Айта кетейік, шерушілер барлық нормаларды сақтады. Көріп отырғаныңыздай, барлық қатысушылар бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты ұстанды.
Даниэла, белсенді: «Біз саясаткерлердің «жасыл» заңдарды қабылдайтыны туралы айтып қана қоймай, нақты іске көшсе екен дейміз. Бұдан басқа, біздің күнделікті өмірімізге көптеген өзгерістер енгізу қажет. Мысалы, жүктер ауаны ластап, жүк көліктерімен емес, темір жол арқылы жеткізілуі тиіс. Сондай-ақ, авиакомпаниялар. Олар аз ұшуы керек, әсіресе қысқа қашықтыққа».
Юстус, белсенді: «Біз әділ климаттық саясаттың болғанын қалаймыз. Біздің талаптарымызды тыңдап, құлақ ассын деп біз көшеге шықтық. Бұл мәселелерге назар аудару керек, сондықтан біз көзге түсетін жарқын киім кидік. Адамдар нағыз климаттық апат төніп тұрғанын ұмытпауы керек».
Сондай-ақ, елордада ауқымды веложарыс өтті. Берлин көшелерімен 4 мың белсенді жүріп өтті. Олар қала тұрғындарын экологиялық таза көлік түрлеріне көшуге шақырды.
Шолпан Найманбаева: «Бүкіл Германия бойынша 400-ден астам акция өтуде. Берлин, Гамбург, Франкфурт — барлық ірі қалалар қатысуда. Мюнхеннен басқа, онда белсенділерге Бавария астанасында жұқтырғандардың саны жаппай артуына байланысты Орталық алаңға жиналуға тыйым салынды».