«Бәйтерек» холдингі «Сбербанктың» еншілес бөлімшесін сатып алды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбербанк Қазақстандағы («Сбербанк» АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды.

Сбербанк қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады.

«Сбербанк Қазақстан өтімділіктің жеткілікті қорына, жоғары сапалы кредиттік қоржынына ие және көптеген жылдар бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі болып табылады. Сбербанк Қазақстанды сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, «Бәйтерек» холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде Банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті холдинг.

Банк өзінің клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.

Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді, деп сендірді «Бәйтерек» холдингі.

Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий