БҰҰ: Израиль ядролық қарудан бас тартуы тиіс

БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитеті алғашқы дауыс берудің қорытындысы бойынша Израиль ядролық қарудан бас тартуы тиіс деген шешім қабылдады.

The Jerusalem Post-тың хабарлауынша, 152 ел жақтап, бес ел қарсы дауыс берген. Аталып өткендей, бастамаға бес ел қарсы шықты: Канада, Израиль, Микронезия, Палау және АҚШ. Тағы 24 ел, соның ішінде Еуроодаққа мүше елдер дауыс беруде қалыс қалды.

БҰҰ-ның қарарында Израиль Таяу Шығыстағы жалғыз мемлекет және Үндістан, Пәкістан және Оңтүстік Суданмен бірге Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) әлі қол қоймаған үш елдің қатарында екені айтылған.

Қарар Израильді «ядролық қаруды әзірлемеуге, өндірмеуге, сынақтан өткізбеуге және кех келген жолмен сатып алмауға, ядролық қаруды иелік етуден бас тартуға және қорғалмаған ядролық объектілерін Агенттіктің (МАГАТЭ. ― Ред.) кепілдігімен толық көлемде беруге шақырады.

Сонымен қатар газет бұған дейін қазан айында Израиль өкілінің БҰҰ-дағы орынбасары Михал Мааян Иран мен Сирияны айыптап, кейбір елдер шартқа қол қойғанына қарамастан, әсіресе Таяу Шығыс елдері оның ережелерін бұзғанын еске салды.

Биыл тамыз айында Нью-Йоркте ЯҚТШ бойынша оныншы конференция өтті. Кездесулердің қорытындысы бойынша қатысушылар қорытынды құжатты бірауыздан келісе алмады. Ресейлік тараптың айтуынша, конференцияға қатысушылардың басым көпшілігі құжаттың ұсынылған нұсқасына қарсылық білдірген.Сондай-ақ ресейлік дипломаттар бірқатар мәселелер бойынша елдің ұстанымдары ескерілмегенін мәлімдеді.

Добавить комментарий