Бүгін Пентагон басшысы Киевке келеді

Украинадағы АҚШ Елшілігінің баспасөз қызметі Пентагон басшысы Ллойд Остин Киевке ресми сапармен келетінін хабарлады.

Сондай-ақ АҚШ Қорғаныс министрі Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі деп жоспарлануда.

Тараптар қауіпсіздік саласындағы екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты талқылайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Украинадағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ллойд Остин Киевте Украина Қорғаныс министрлігіне барып, Мемориалдық залда және Украинаның қорғаушыларына арналған Мемориалдық қоңырау жанында Украина үшін шейіт болғандарды еске алу рәсіміне қатысады. сондай-ақ қорғаныс министрі Андрей Таранмен кездесіп, Украинаның еуроатлантикалық ұмтылыстарын ілгерілету үшін қажетті қорғаныс және әскери-өнеркәсіптік кешен саласындағы реформаларды іске асыруын, сондай-ақ Қара теңіздегі қауіпсіздік мәселелерін талқылайды», — деп хабарлайды елшілік.

Кездесуден кейін Остин мен Таран мәлімдеме жасап, журналистердің сұрақтарына жауап береді.

АҚШ Қорғаныс министрі қауіпсіздік саласындағы екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты талқылау үшін Украина президенті Владимир Зеленскиймен де кездеседі.

Добавить комментарий